Kyzylorda-news.kz Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жоспардағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысы пысықталды. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

​Аймақ басшысы алдағы міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.

«Мерекеге орай облыс орталығы мен аудандарда ашылатын нысандардың дайындығын қадағалаңыздар. «Наурызнама» онкүндігінің барлық іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Әр күннің идеологиялық маңызын, жас ұрпаққа берер тағылымын, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауын басты назарда ұстау қажет. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын, сапалы қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алыңыздар. Бұл бағытта ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасымен тазалық, абаттандыру және көгалдандыру аясында атқарылатын жұмыстар да нақтыланды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: