Kyzylorda-news.kz.  Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы қызметіне тағайындалды.

Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы 1983 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Астана қаласындағы Қазақстан-Ресей университетін филология мамандығы бойынша бітірген. Магистратураны Еуразия ұлттық университетінде оқыған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы болып бастаған.

2007-2009 жылдары Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім;

2009-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы;

2012-2017 жылдары Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі;

Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» және облыстық «Сыр бойы» газеттерінде тілші болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы болған. 2018-2020 жылы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымын абыроймен атқарып келді.

2020-2024 жылы қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

 

Тағы да оқыңыз: