Kyzylorda-news.kz  Бүгін Евразия спорт кешенінде қала мәдениетінің өрістеуі жолында өлшеусіз еңбек еткен майталман маман, марқұм Айтжанов Нұркелді Амангелдіұлын еске алуға арналған «Жарқ еткен жас ғұмыр» атты мәдениет қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті.

Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен доп додасына 8 команда қатысты. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов турнирді ашып берсе, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен ойын нәтижесінде Қызылорда Облыстық Филармониясы командасы турнир жеңімпазы атанса, жүлделі 2 орынды Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театры жеңіп алды. Нұргелді Айтжановтың ағалары мен достарынан құралған «Ағалар» командасы 3 орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жекелеген ойыншыларға шеберліктері бойынша тиісті жүлделер, естелік кубоктар мен медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Турнир соңында Нұргелді Айтжановтың анасына ұйымдастырушылар тарапынан құрмет көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: