Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің 95, қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің 30 жылдығына орай «Сыр медиа» ЖШС ұйымдастыруымен  «Журналистика – мәні терең мамандық» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Жиынның ашылу салтанатында облыстық  «Сыр бойы» газетінің  бас редакторы Қуат Шарабидинов бұл байқаудың маңыздылығына тоқталып, газеттің бүгінгі тынысын сөз етті.

Сонымен бірге «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің редакторы Әзиз Батырбеков қос басылымды мерейтойымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Биыл ғасырға жуық тарихы бар облыстық «Сыр бойына» 95 жыл, «Өскен өңір» газетіне 85 және «Ақмешіт апталығына» 30 жыл толды. Мерейтой қарсаңында ұйымдастылған мүшәйрайға қатысушы жас өрендерге сәттілік тілеймін!, – деді Ә.Батырбеков.

Байқау алғысөзінде «Ақмешіт апталығы» газетінің редакторы Гүлмира Ділдәбекова қолына қалам ұстаған жас өрендердің талпынысына тәнті болып, әрдайым шығармашыл жастарға қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

Қызылорда қаласындағы 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған мүшәйрайға 20  оқушының еңбегі қабылданды.  Іріктеу кезеңінен өткен  11 жас ақын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында бақ сынап, қазылар алқасына жұмыстарын таныстырды.

Байқада «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы, ақын Ақжол Түменбай және «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі, ақын Аружан Оралбай төрелік етті.

Сайыстың нәтижесі бойынша бас жүлде Ұлықбек Бектай, 1-орын Мерей Қалабай, 2-орын Данияр Құрбанәлі, Мереке Қуаныш, 3-орын Расул Жеткерген, Нұрайна Жүсіпбекова, Талшын Оспан иеленді. Ақтай Нұрбек «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды. Азамат Қонысбекке, Ботагөз Мұхамбетжанқызы мен Мерей Шәкратқа алғыс хат табысталып, барлық қатысушылар арнайы сыйлықтарға ие болды.

824A7218.JPG824A7209.jpg

Фото: Нұрболат Нұржайбай

Тағы да оқыңыз: