Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылжарма Мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен «Менің елімнің рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара ҚР Әнұранымен басталды. Шараға арнайы «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңінен насихатталды. Кітап көрмесіне ұлттық мақтанышымызға айналған рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылды. Атап айтқанда оқырмандар ҚР Конституциясы, үш тілде жазылған Е.Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері» және А.Жолдыбекованың «Ел рәміздері рухты шыңдайды», Ш.Байкенованың «Мен Қазақстан азаматымын», «Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан», Ш.Уәлиханның «Тәуелсіздік нышандары» атты кітаптар мен мерзімді басылым бетіне жарияланған мақалалар тереңірек таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Шараның мақсаты – тарихи асыл мұрамызға бағаланатын мемлекеттік рәміздеріміздің терең мән-мағынасын түсіндіру арқылы жастарымыздың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, кітапханаға оқырман тарту, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, қадірлеу болып табылды.

Тағы да оқыңыз: