Kyzylorda-news.kz  Достық үйінде Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының ұйымдастыруымен ғылыми кеңес өтті. Кеңесте зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар баяндама оқып, пікір алмасты. 

Кеңестің модераторы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов «Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Бүгін күні еліміз үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты, - деді.

Мұнан соң саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Мұрат Насимов  қазіргі таңдағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы және өзекті мәселелері, жастардың дәстүрлі және инновациялық құндылықтары мысалында сөз қозғады. «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (PhD) Дәулет Омаров  Наурыз мерекесінің шығу тарихы, бүгінгі қоғамдағы алатын орны жайлы кеңінен тарқатып айтты. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Тарих" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек қазақ рухани тарихындағы батырлығы мен шешендігі мен ел басқару ісімен танылған тұлғалар жайлы құнды мәліметтермен бөлісті.

Ғылыми кеңестің соңында қатысушылар пікірлерін ортаға салып, өз ұсыныстарын айтты.

Тағы да оқыңыз: