Kyzylorda-news.kz Рамазан айы наурызда басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2025-ші жылғы діни күндердің кестесін бекітті.
Оған сай ораза 1-ші наурызда басталып, Қадір түні 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келеді.
Ораза айт наурыздың 30-нан басталып, үш күнге созылады.
Ал Құрбан айт маусымның алтысы, жетісі және сегізі күндеріне жоспарланып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, Хижра айының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған.
Фото: Zakon.kz