Kyzylorda-news.kz. Қазалыда Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Жетіскен Мәкеналының 70 жылдығына арналған «Іздейді туған жерің тебіреніп» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Қазалы қаласындағы мәдениет үйінде өткен шара театрландырылған қойылыммен басталып, ақынның өмірі мен шығармашылығынан көрініс қойылды. 

Облыстық мүшәйраға Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Арал, Қазалы аудандарынан 12 талапкер қатысып, бақ сынады. 

Тағылымды шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, ақынның жары Марияш Мардановаға арнайы сый-құрмет көрсетті.

Облыстық байқауға Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы Толыбай Абылаев, облыстық халық шығармашылығы мәдени-продюсерлік орталығы басшысының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі Рая Ділімбетова және «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтады. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынға Арал ауданынан келген Алтынбек Қыстаубаев ие болды. Ал, жүлделі II орынға қазалылық Ринат Әбдіқалық қол жеткізсе, III орынды шиелілік Талғат Күзенбаев пен Қызылорда қаласынан келген Бек-Сұлтан Бағдатұлы өзара бөлісті. 

Сондай-ақ, мүшәйраға қатысқан барлық қатысушыларға арнайы «Алғыс хаттар» табыс етілді. 

Айта кетейік шара басталмас бұрын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жетіскен Мәкеналының өмірі мен шығармашылығына арналған Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Жырларым бар жүректе, сырларым бар» атты кітап көрмесі оқырман қауымға ұсынылды.

315354117_3514972872056968_5516645839844753400_n.jpg
315874940_3514972475390341_3873829895310054387_n.jpg
315841126_3514972392057016_5441117043582788130_n.jpg
315376586_3514972785390310_6616490316119097950_n.jpg

Тағы да оқыңыз: