Kyzylorda-news.kz   Жуырда, Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығында халық әртісі, актриса Әмина Өмірзақованың 105 жылдығы, талантты тұлға КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанованың 110 жылдығына орай «Қазалы аруы – 2024» атты Қазалы аудандық арулар байқауы өтті.

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін бойларына сіңіру. Бойына ақылдылықты, дарындылықты, білімділікті жинаған Қазалы ауданындағы ару қыздарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға бойы 1,65 см-ден жоғары және 18-25 жас аралығындағы алты өнерлі де сұлу арулар қатысты. Байқауға арулар – «Сымбатпен сыры жарасқан» таныстыру, «Қыз өссе, елдің көркі» өз өнері, «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін, «Сұлу қыз дәмді асымен сүйкімді» ас мәзірін дайындау шарттары бойынша ару-қыздар сынға түсті.

Қазылар алқасының төрайымы – Гүлбану Досан, қазылар алқасының мүшелері Ақмарал Жауынбаева және Айнұр Найпованың шешімдері бойынша, дәрежелі үшінші орынды – Бейбіт Айгүл 234 мектептің қызметкері, дәрежелі екінші орын – Тиышбай Сымбат 249 мектеп-лицейінің қызметкері, жүлделі бірінші орынды Бақыт Әмина Лақалы ауылының аруы иемденді.

Сонымен, байқаудың Бас жүлдесін Төлепберген Мәдина Майдакөл ауылының аруы иемденді. Тәжіні облыстық "Бұрымды ару" конкурсының Лауреаты Әнел табыстады.

Сонымен қатар, "Жанбота" сән салонының меңгерушісі Айнұр Найпова жүз мың теңге тұратын макияж курсы сертификатын тапсырса "Асылым мед" шығыс медицина орталығының директоры Болат Айда ханым байқаудың бірінші орын иегері Бақыт Әмина аруымызға отыз мың теңге қаржылай сыйлығын табыстады. Байқауға қатысып өнер көрсеткені үшін Шәкіман Ғалия және Қойшыбай Айғаным арнайы номинацияларымен марапатталды.

Байқау барысында, Қазалы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары өнер көрсетіп көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Байқауға демеушілік жасаған "Жанбота" сән салонының меңгерушісі Айнұр Найпова және "Асыл мед" шығыс медициналық орталығының директоры Болат Айдаға Қазалы аудандық мәдениет орталығы атынан Алғыс білдіреміз. 

Тағы да оқыңыз: