Kyzylorda-news.kz Қазақстан саяхаттауға болатын үздік мемлекеттердің тізімінде 5-орында тұр. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның ерекше табиғатын, бай мәдениеті мен тарихи мұрасын жоғары бағалады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үздіктердің тізімінде Орталық Африкадағы Камерун мемлекеті көш бастап тұр. Литва екінші орынға тұрақтады. Океаниядағы Фиджи үздік үштіктің қатарында. Төртінші орында Лаос мемлекеті тұрса, Қазақстан үздік бестіктің қатарын толықтырды. Одан кейінгі тізімде Парагвай, Словакия мен Арменияға барғысы келетіндер азшылық.

Туристер көп баратын бағыттарды Lonely Planet халықаралық басылымы жан-жақты зерттеді. Аналитика саяхатшылардың, гид авторларының және басқа да туризм мамандарының пікірлеріне негізделген. 

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: