Kyzylorda-news.kz Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қармақшы аудандық филиалында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімімен бірлескен дөңгелек үстел отырысы болып өтті. 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қызылорда облысы әкімдігінің №207 Қаулысының 13, 20 тармақтарына сәйкес  кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарымызды (тіл, дін, тарих, мәдениет) насихаттау мақсатында  өткен дөңгелек үстел отырысына аудандық мәдениет және тілдерді даму бөлімінің әдіскері Бауыржан Қайырбаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімінің әдіскері  Әділбек Скендіров аудандық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, қоғамның алқа мүшесі Шегебай Құндақбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының консультанты Жанар Болысбекқызы  және  жеке кәсіпкерлер  М.Серікбаева, К.Әлекеева, Г.Буранбаевалар қатысты. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру бойынша кәсіпкерлер арасында ұлттық рухты көтеруге байланысты ұлттық құндылықтарымыз төңірегінде пікір алмасты. Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабы Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі туралы түсіндірме жүргізілді. Кәсіпкерлерге «Кәсіпкер! Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, маңдайшаға тек соны іл!» атты плакаттар мен тіл туралы парақшалар таратылды. «Мемлекеттік тілдегі ас мәзірі мен тағам түрлері: қазіргі жағдайы, проблемалары» туралы монография-анықтамалық құралы оқуға ұсынылды.
 

Тағы да оқыңыз: