Kyzylorda-news.kz Сыр өңірі –  қасиетті де қастерлі халық өнері дамыған, сан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке. Сол себепті өңірде өмір сүрген жырау, жыршы, ақын, күйші, әнші, сал-серілер шығармашылығы қазақ елінде, қала берді әлем әдебиетінде ерекше орынға ие. Сыр елінде өмір сүріп, аты үш жүзге мәлім болған ақын-жырауларымыз ұрпақ тәрбиесінде имандылық пен адамгершілік қасиеттерді тұлға бойына сіңіруді басты назарда ұстаған. Бұл ән-күй, жырларымыз ұлтымыздың болашағына үлгі-өнеге ретінде жол салған. Соның ішінде Сыр сүлейлерінің көп бөлігі Қармақшы өңірінде туып-өсіп, айшықты жыр күмбезін жасағаны баршаға мәлім.

Осы орайда, 12 қараша күні «2022 – Балалар жылы» аясында Қармақшы аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің ұйымдастырумен Сыр сүлейі, даңқты ақын, шығыстың шайыры атанған Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 140 жылдығына арналған «Ширатқан шым жібектен көгені едім» атты жас жыршылар арасындағы байқау өткізілді. 

Байқауға К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінен 12 талапкер шәкірттер қатыстырылып, нәтижесінде жас ерекшеліктеріне орай Балтабай Талант І орын, Оңғарқызы Арай І орын, Елдес Мәди ІІ орын, Мархабатова Фатима ІІ орын, Жақыпова Көркем ІІ орын, Маратқызы Аяулым ІІІ орын, Райымбек Азима ІІ орын, Амантай Айдана ІІІ орындарды иеленді. Сонымен қатар Сағатова Нұрсезім, Асылбекқызы Альгида, Бекжасарқызы Жазира аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

316308691_2376784142476204_5214182644159385363_n.jpg316108927_2376785132476105_6938425177306405758_n.jpg

Тағы да оқыңыз: