Kyzylorda-news.kz. Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Еркін Ахетов 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

– Өткен жылы ауылдық округтің жаңадан қоныстанушы аумағындағы 14 көшеге қиыршық тас төселіп, 1,3,5 көшелеріне жарық бағаналары орнатылды. Округтің кіре беріс автокөлік жолына және Байсейітов көшесіне, сондай-ақ, Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев және Желтоқсан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында А.Иманов тұйығы мен А.Құнанбаев көшесінің аяқ жағы жарықтандырылды. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Желтоқсан көшесіне асфальт төселді. Электр желілерін жаңарту бағытында, 8 дана КТПН, 15 км құрайтын электр бағаналары орнатылды. 150 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді. Ал, биыл жаңадан қоныстанушы аумақтағы 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады, - деді ауылдық округ әкімі Еркін Әбдірайханұлы. 

Жалпы, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жыл сайын ілгерілеп келеді. Сұны ауылда атқарылған жұмыстарға қарап саралауға болады. Мәселен, ауылда кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Қазірпгі таңда ауылдық округте 119 кәсіпкерлік нысан нақты жұмыс істеуде. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып игілігін көріп жатқан ттұрғындар да бар. Өткен жылы ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар жобаларын ұсынып, нәтижесінде кәсіп бастағандар қатары 19-ға толыққан. Оның ішінде, «Іскер» бағдарламасы аясында 5 жоба қаржыландырылса, «Аграрлық несие корпорациясы» бағдарламасы аясында 2 жоба және жастарға арналған 2,5 проценттік несие беру бағдарламасы арқылы 2 жоба мақұлданды. Ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк арқылы жеңілдетілген несиеге 1 жоба қолдау тапты. Бұдан бөлек, Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған бағдарлама аясында 3 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

Тағы да оқыңыз: