Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы М.Мамбетова атындағы педогогикалық колледждің ағылшын пәні бойынша 1-ші курс студенті Гүлбибі Жақсыбай майдангердің шөбересі. Ол өзінің қайсар мінезді атасы жайлы естелікті айтудан жалықпайды.

– Менің әкемнің әкесінің әкесі Жақсыбай Қонақов деген кісі 1942-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1943 жылы жеңіл, 1945 жылы орта дәрежелі түрде жаудың оғынан жарақат алып әскери госпитальдан емделіп, соғысқа қатысуын жалғастырғаны жайлы әскери билетінде көрсетіліпті.

«Ленинградты алғаны үшін», «Сталинградты алғаны үшін, «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен «Бреслевль бекінісін алғаны үшін» Бас қолбасшы И.В.Сталиннің алғыс хатымен марапатталған және Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденінде алған әскерден кіші сержант шенімен 1945 жылдың тамызында елге қайтқан. Жеңіс салтанатын Германияның астанасы Берлинде тойлаған. Елге келген соң да, Қожабақы, Абай, Сталин колхоздарында егін де еккен, бақташы да, шопан да болған.

Бейбіт замандағы ерен еңбектері де ескеріліп, В.М.Лениннің 100 жылдық мерекелік, Еңбек ардагері медальдарымен қатар Ұлы Жеңістің 30, 40 жылдық мерекелік медальдарында иеленген. Бұл кісі жайлы кеңінен Алматыда тұратын шежіреші Мырзағұл Айтенов атаның «Шөмекейлер шежіресі» кітабында, өзімнің атам Беганыштың «Менің әкем майдангер» кітапшасында жазылған, – дейді Гүлбибі Жақсыбай.

Жақсыбай атамның 8 ер, 2 қыз баласынан тараған ұрпақтары Қазалыда, Қ.Пірімов, Ақай ауылдары мен Байқоңыр, Астана Алматы, Қызылорда қалаларында өніп-өсіп жапырақтарын жайып жатырған жайы бар.

1996 жылдың 12-сәуірінде дәл космонавтар күні 93 жыл өмір сүріп, бақилыққа аттанып, Қ.Пірімов ауылына қарасты «Көбек төбе» қорымынан мәңгілік мекенін тапты. Мен ғасыр жасаған соғыс және еңбек ардагерінің шөбересі екенімді мақтан тұтамын. Тегім Жақсыбай болғандықтан Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына – 79 жыл мерекесіне орай атамды еске алып отырған жайым бар дегенді алға тартады.

Тағы да оқыңыз: