Kyzylorda-news.kz Астана қаласындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында» Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музей қорындағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардан «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.

Елордамыз Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрмеде Сыр елінің баға жетпес асыл қазынасы - өткеннің ізіндей, көненің көзіндей сақталып келген тарихи мұралары мен жазба деректері халық назарына ұсынылды. Көрмеге музей қорында сақталған ХVIII-ХХ ғғ. Стамбул, Каир, Қазан, Ташкентте жарык көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар қойылды. Сонымен қатар, Сыр өңірінен шыққан түркі халықтарына ортақ тарихи тұлға Қорқыт атаның жазба ескерткіші - «Қорқыт Ата кітабының» Дрездендік және Ватикандық нұсқалары және бүгінгі таңда авторлық төл қолтаңбасы сақталған «Шығыстың тірі сөздігі» атанған шайырлық даңқы қазақ жерінен асып, көршілес өзбек, қарақалпақ, тәжік елдеріне танылған Сыр бойынан шыққан жыр сүлейі Тұрмағанбет Ізтілеуовтің қолжазбалары да көрмеден орын алды.

Айта кету керек, Сыр өңірінің рухани қазынасы саналатын кітаптар мен қолжазбалар көрмесі көпшілікті сүйсінтті. Әсіресе, шетел азаматтарының қызығушылығын оятты.

236d74b5-fc84-4a99-b0f6-3175a60c3705.jpg

Тағы да оқыңыз: