Kyzylorda-news.kz. Енді қаланың көркейту және көгалдандыру жұмыстарын үйлестіру үшін «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Осы жұмыстарды ұтымды үйлестіру мақсатында көгалдандыру, топырақ құрамын зерттеу, өсімдіктерді емдеу, зиянкестермен күресу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу үшін Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ және Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ҒЗИ мамандары шақыртылды.
Олар «Жасыл Қызылорданың» қызметкерлерімен тал егу, суландыру бойынша тәжірибе алмасады. Арнайы келген мамандар қаланың бірқатар аумақтарын аралап, талдарға жасалуы тиіс күтімдер бойынша зерделеу жүргізген болатын. Соның нәтижесінде алдағы уақытта облыс орталығын көгалдандыру жұмыстары ғылыми тұрғыда негізделіп, жоспары жасалып, ауқымды жобалар жүзеге асады.
Мекемеге осы жылға жергілікті бюджеттен 585 миллион 700 мың теңге қаралды. Оның ішінде гүл, ағаш көшеті, тыңайтқыш пен құрал-жабдықтар алуға қаражат бөлініп, осы кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Қаланы көркейту-көгалдандыру мақсатында былтыр жергілікті бюджеттен 484 миллион 700 мың теңге бөлініп, қызмет көрсетуші мекеме арқылы орталық аймаққа гүлдер мен газондар отырғызылды. Арық жүйелері та¬зартылды, жасыл екпелер егіліп, суарылды.
Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Жібек жолы» және «Қызылжарма» арна¬ларын күтіп-ұстау, пайдалану, сон¬дай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына да бөлек қаржы бөлініп, бірталай жұмыс атқарылды. Сонымен қатар облыс¬тық бюджеттен бөлінген 337 млн теңгеге 14 техникалық бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын көктем және күз мезгілінде қала аумағында көркейту және көгалдандыру екі айлығы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ шаһарды көркейту-көгалдандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 10 миллион 700 мың теңге бөлініп, көшелер бойына, сквер-аллеяларға, аяқсу баратын аумақтарға 23 000 түп көшет егілді. Аталған шараға 6000-ға жуық қала тұрғыны және 4000-нан астам мекеме қызметкері қатысты.
Одан бөлек, Бейбарыс Сұлтан көшесі, Абылай хан даңғылы, темір¬жол вокзалы аумақтарына ауа-райына қолайлы, құрғақ, ыстық, шөлге төзімді жалпы саны 360 Сыр талы, терек, қарағаш және сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. Ал сол жағалау мөлтек ауданына 29,7 миллион теңгені құрайтын тереңдігі 80 метр болатын екі техникалық су жинау ұңғымасын бұрғылау жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұл жоба сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы бойында орна¬ласқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аяқсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Оған қоса қала аумағындағы талдарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да осы бағытта жұмыстар жалғасын таппақ.
Қаланың тазалығымен «Қызыл¬орда тазалығы» айналысса, енді қаланы көгалдандыруға «Жасыл Қызылорда» жұмысқа кіріседі.