Kyzylorda-news.kz Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың 80 жасқа толуына орай «Дара дарын, қарымды қаламгер» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ әдебиетінде прозаға бүкіл өмірін арнаған қаламгердің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қозыбаева оқырманның сүйіктісіне айналған “Періштелер өлімі” шығармасына жан-жақты талдау жасады.
Іс-шара барысында оқырмандар арнау өлеңдерін оқып, ән-жырдан шашу шашты. Оқырмандар назарына «Жансарайы жарқын жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.