Kyzylorda-news.kz 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен балаларға арналған сурет салу байқауы өткізілді.
Шараға «Дағдарыс орталығында» қызмет алушы отбасылардың балалары қатысып, бейбітшілік, татулық пен бірлік тақырыптарында жүректерінен шыққан суреттерін салды. Балалар салған әрбір туындыда елге деген сүйіспеншілік, достық пен татулыққа үндейтін терең мағына байқалды.
Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, жас өрендерге жарқын болашақ пен армандардың орындалуын тіледі.
Байқау соңында барлық қатысушыларға алғыс ретінде дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Фото: Ассамблея Қызылорда