Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасына сәйкес, Сыр өңірінің Бас мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Шариғат және пәтуа» бөліміне қарасты «Діни кеңес беру» орталығы ашылды.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ашылған орталықтан кез келген қала тұрғыны өздерін толғандырған сұрақтарына жауап, күнделікті өмірде кездесетін түйткілді мәселелері бойынша кеңес және пәтуа ала алады. Орталықта «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Египет Араб Республикасындағы «Әл-Азһар» университетінде білім алған наиб имам Жеңіс Әбибуллаұлы бастаған білікті мамандар аптасына жеті күн 9:00-18:00 уақыт аралығында тегін қызмет етуде.

Сонымен қатар, тікелей қоңырау шалу арқылы, «Telegram», «Whats’App» мессенджерлерінде ерлерге және әйелдерге арналған «діни сұрақ-жауап» топтары ашылып, орталық қызметі қарқынды жүруде.

Назарларыңызға жауапты мамандардың байланыс телефондарын ұсынамыз.

8 707 9 21 4715

8 7242 21 47 15

Мекен-жайы: Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00

Тағы да оқыңыз: