Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Кездесуде Аманжол Сақыпұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ алдағы міндеттер талқыланды. Жыл басынан бері ауданға 4,1 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, өсім 16,4 пайызды  құрады. Оның 36,6 пайызы, яғни 1,5 млрд.  теңгесі ауылдық  жерлерге,  қалған 2,6 млрд. теңгесі  Арал қаласына тиесілі. Бұл туралы Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев айтып өтті.

– Ауданымыздың 2024 жылғы бюджеті 15,2 млрд.теңгемен  бекітіліп, өткен жылмен салыстырғанда 105,3 пайызға жоғарылады (2023 жылдың бекітілген бюджеті 14,4 млрд). Есепті мерзімде өңірдің барлық кірістері 3 млрд теңгені құрап, 107,5 пайызға өсті. Оның  ішінде, өз түсімдеріміз  1 млрд. теңгені құрап, 25,4 пайызға артық орындалды, – деді А.Оңғарбаев.

Арал ауданының әкімі брифингте әр салаға кеңінен тоқталды. Соның бірі – білім саласы. Мәселен биыл оқу жылын 942 түлек бітіреді. Оның  ішінде Алтын белгіге үміткерлер саны – 35, Үздік аттестатқа үміткерлер саны – 63. Ұлттық бірыңғай тестіге  1 кезеңіне 682 оқушы, 2 кезеңіне 679 оқушы қатысады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: