Kyzylorda-news.kz «Кітап AMANAT» рухани орталығында белгілі журналист, «Анаға тағзым» орталығының басшысы, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Молжановамен жастардың кездесуі өтті.
Келелі кездесуде отбасы құндылықтары, кітап оқудың маңыздылығы және рухани даму тақырыптары кеңінен талқыланды.
Алтынай Молжанова өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, кітаптың адам санасын дамытудағы рөліне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, оқырмандық мәдениетті қалыптастырудың жолдары, ұрпақ тәрбиесінде әдебиеттің маңызы жайлы құнды ойлармен бөлісті.
«Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал. Білімге ұмтылыс, оқып-үйренуге құштарлық ізсіз кетпейді. Тұрақты түрде оқитын адамның бәсі биік. Қашанда қай ортада болсын айтары бар, білімі терең, көңілге түйгені мол адамның біліктілігі, бәсекеге қабілеттілігі басым болады»-деді орталықтың қонағы Алтынай Молжанова.