Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына қарасты тоғыз жолдың торабында бой түзеген, байырғы берекесін жоғалтпаған, шырайлы жері, әсем табиғатымен ерекшеленетін Ақжар ауылы бар. Төрт түлегін түлетіп, егістігі жайқалған, шаруасы алға басқан Ақжар ауылы 1957 жылы сол жердегі 30-40 жылдары ұйымдастырылған «Ақбел», «Жаңа бақыт», «Қазақстанның 30 жылдығы», «Оян», «Досай серіктігі», Шілен – көл, Боз арық» атты ұжымшарлардың біріктірілуінен құрылған.
Адамға рухани азық сыйлап, біліммен сусындатар мәдени орын – кітапхана. Кітапхананың тіршілігіне дем беретін, ұлттық құндылық пен рухани білімнің дәнекері – кітапханашы. 1957 жылы ең алғаш Ақжар ауылында кітапхана 20 дана кітап қорымен ашылған. Ең алғаш кітапханада «Ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі және «Еңбек ардагері» медалі иегері кітапханашы Рахия Есмаханова қызмет атқарды. Рахия апай қарапайым ғана кітапханашы мамандығын ұлағатты ұстаздық дәрежеге дейін көтере білді. Рахия апайымыздың есімін ұлықтап, тағдыр тағлымына әр уақытта жаңылыспай, еліне қосқан үлесін, шығармашылығын зор құрметпен атап өтеміз. Рахия апайдан кейін Мариямкүл Тауболатова, Зағипа Садақбаева, Ләззат Садақбаева, Сәрсенкүл Оспанова, Крайкүл Мәшбаева жұмыс атқарса, 2020 жылы тамыз айында ауылдық кітапханада 35 жыл қызмет атқарған Күлаш Ахмаханова ауылдық кітапханасынан зейнеткерлікке шықты. Қазіргі таңда кітапханада Ақмарал Әміралиева еңбек етеді.
Адамзат баласының санасы дами бастағаннан ол қандайда бір жаңалыққа, білуге, білімге құштарлығы ояна бастағандығын тарих беттерінен білуге болады. Мәселен, олардың ең алғашқы тасқа қашалып салынған жазбалары. Даму тарихымызда мұндай мәліметтердің барлығын біз түрлі мәдени жазбаларды оқып көрумен танысып келеміз. Ал дәл сол мағлұматтарды сақтап отыратын біздің ақпарат көздеріміздің барлығы кітапхана деген кеңістіктің ішінде сақтаулы тұр. Білімді қажет еткен адам кітап оқуды, ақпарат көзін кітаптан табуды, сондай-ақ өзін-өзі дамытуда кітапхана табалдырығын тоздыруға дейін баруды ойлайтыны рас. Себебі, кітапхана білім аламын деген адамның ең үлкен қолдаушысы. Ал кітап білім жолындағы адамның – рухани азығы. Бүгінде сол рухани азығымызды сақтау орындары еліміздің түкпір-түкпірінде үлкенді-кішілі болып өз жұмыстарын жүргізуде. Сол кітапхананың бірі Ақжар ауылдық кітапханасы. Кітапханада 29901 кітап қоры болса, 919 оқырманы бар. Тұрақты 26 кітап көрмесі ұйымдастырылып жыл көлемінде оқырмандарға қызмет көрсетілуде. Кітапхананың негізгі міндеті – ауылдың бүгінгі рухани ақуалын жақсарту мақсатында жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмысымен тікелей байланыстыра отырып, қолда бар қазынаны оқырмандарға ұсынып, кітап оқуға баулу. Ақжар ауылының тұрғындарына сапалы жаңа жүйедегі ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету. Ұлттық тәлім – тәрбие беруді басшылыққа ала отырып, адамдарға тән жақсы мінез-құлықтарды уағыздайтын, халықтың әдет – ғұрып, салт дәстүрді үйрете отырып, ұлтымыздың тілі мен дінін, ұлттық мәдениет пен тарихты қадірлеуге, тәған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оқырмандарға насихаттап баулу. Ақжар ауылдық кітапханасының атқарылған жұмыстарына келетін болсақ, әлеуметтік саяси әдебиеттерді насихат жұмысы тұрақты ұйымдастырылып келеді. Кітапханада «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты үлкен кітап көрмесі жасалынды. Көрмеге еліміздің жетістіктері туралы кітаптар қойылды. Кітапханада Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауын талқылап түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрды. Сонымен қатар, Президент жолдауын насихаттауда «Жастар ел болашағы» атты кездесу кеші өткізілді. Жастарға еліміздің жаңа жолдауын насихаттап, түсіндіріліп кездесу барысында жолдау талқыланды.
Жаратылыстану, денсаулық сақтау және медицина ғылымдарын насихаттау жолында дәрігерлер мерекесіне арнап, «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» бұрышында «Тазалық – денсаулық кепілі» атты Ақжар ауылдық емханасының әлеуметтік медбикесі Гүлмира Каукенованың және кітапхана оқырмандарының қатысуымен кітапханалық сағат өткізілді. Оқырмандарға денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтып түсіндірме жұмыс жасалды.
Ауыл шаруашылық және техника жөніндегі әдебиеттерді насихаттауда «Ауыл шаруашылық техникалары» атты библиографиялық шолу жаңа келген әдебиеттерге арналып жасалынды. «Мамандар сіздер үшін» атты жаңа әдебиеттермен таныстырылымдар өткізіліп отырады .
Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәрбие негізі – имандылық» атты кітапханалық сағат болып өтті. Іс-шараға Ақжар ауылының бас имамы Самал Бәйішов және №28 мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі жайлы уағыздар айтылып, оқушылар сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алып өзара пікір алмасты. Ақжар ауылындағы Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінде ауған соғысы ардагерлері мен кездесу кеші болып өтті. Кешке ауған соғысы ардагерлері Қажығали Таубаев және Әбдуәли Нұрғалиевлар қатысты.
Кездесу кешінде зейнеткерлер К.Ақмаханова және Р.Жөнейтова сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кешке қатысушы қонақтар ардагерлерге сұрақтар қойып, ашық сұхбат өткізді. Клуб үйі өнерпаздары және Рүстембек жырау үйірмесінің жетекшісі Б. Бедебаев ән мен жырдан шашу шашса, кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, баяндама оқыды.Ақжар ауылдық кітапханасының және Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық пен күрес – ортақ парызымыз!» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: оқырмандарға “Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты тақырыптағы кітаптарға, әдебиеттермен таныстыру болып өтті.Ақжар ауылдық кітапханасы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Дәстүр және ғұрып» жобасы бойынша, «Сал-дәстүр сан ғасырлық саф мұра» атты «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі Жанат Лекеровамен сұхбат ұйымдастырылды. Ауыл тарихына байланысты орай «Тарихы терең туған өлкем» атты үлкен кітап көрмелері жасалынып оқырмандарға таныстырылып отырады. Кітап көрмесіндегі кітаптармен суреттермен ауылымыздың қонақтары мен балаларға үнемі таныстырылып отырады .Кітапханада «Сыр елі – жыр күмбезім» атты кітаптар сөресі жасалынған.
«Ауыл мақтаныштары» жобасы аясында «Еңбек ері – Қасымтай» тақырыбында Ақжар ауылының Социалистік еңбек ері Қасымтай Ізтілеуовке арнап танымдық сағат өтті. «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС – нің қызметкерлері мен №28 мектептің оқушылары қатысты.Facebook желісіне жүктелді.«Ауыл мақтаныштары» жобасы аясында ауылымыздың дара тумасы жазушы Адам Мекебаевқа арналған «Кемеңгер жазушы» тақырыбында танымдық сағат болып өтті. №28 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Кемел келешегіміз балалар мен бірге!» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кешке «Ақжар» шаруа қожалығының демеушілігімен облыстық филармонияның «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясының «Ертегілер еліне саяхат» атты қойылымдары қойылса, барша балаларға балмұздақ таратылып берілді. Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі керемет ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік концерт қойса, Ақжар ауылдық кітапханасы балаларға кітап көрмелерін таныстырып ертеңгілік өткізді.
Ақжар ауылдық кітапханасының бүгінгі оқырмандары. Жазғы демалыс уақыттарын кітапханада кітап оқумен өткізуде.Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімі бойынша Қазақстанда 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» аясында «Кемел ойлы, зерделі жазушы» атты әдеби танымдық кеш болып өтті. Кешке кітапхана оқырмандары қатысты. Жазушының өмір жолы мен кітап көрмесі таныстырылды. «Тұлға» бағдарламасына берген Төлен Әбдіктің сұхбаты көрсетілді. №28 мектебінің 8 сынып оқушылары Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесінің желісі бойынша көрініс қойып, оқырмандарға жақсы әсер сыйлады.Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі және Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, балалар әдебиетінің классигі Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балдырған бағбаны» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.Шараны Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі директоры Роза Кенжеғұлова ашып қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Кітапханашы Әміралиева Ақмарал жазушының өмір жолы, еңбек жолы, шығармалары жайлы баяндама оқып, кітап көрмесімен таныстырды.
Байқауға Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің жанынан құрылған көркемсөз оқу шеберлерінің үйірме мүшелері қатысты. Клуб үйі директоры Роза Кенжеғұлова мен «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Бедебаев Балтабай және кітапханашы Әміралиева Ақмарал қазылық етті.
Нәтижесінде бас жүлдені Жолдас Бағлан иеленсе, I орынды Алмас Айару, ІІ орынды Достанбай Ерасыл, ІІІ орынды Нұрлыбекұлы Досжан иеленді. Қалған қатысушылар Алғас хаттар мен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарлама мен ұласты.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап – тарих, шежіре!» атты кітапханалық сағат болып өтті. Іс шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Оқырмандарға кітап көрмелері таныстырылды. №28 мектептің 6 сынып оқушылары, «Рүстембек жырау» үйірмесінің шәкірттері ән мен жырдан шашу шашты.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған "Отты жылдар шежіресі" атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.
Байқауға №28 мектебінің 6 және 5 сынып оқушылары қатысты. Ақжар ауылының әйелдер кеңесінің төрайымы Жөнейтова Рая Қайырқызы, Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі директоры Кенжеғұлова Роза Егізбайқызы және Рүстембек жырау үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаев байқауда қазылық етті. Байқау нәтижесінде Жолдас Бағлан «Бас жүлде», Ғабдол Інжу І орын, Темірбай Іңкәр ІІ орын, Бірлікбекова Аида ІІІ орын иеленіп сыйлықтар табысталса, қалған қатысушылар Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры К.Қаниеваның «Алғыс хаты» мен марапатталды.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Зұлмат заман қасіреті" атты еске алу кеші болып өтті. Кешке №28 мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні орай «Әр отбасы – бір әлем!» атты кітапханалық сағат болып өтті.
Кездесу кешіне Ақжар ауылының үлгілі, өнегелі отбасыларының бірі Бедебаевтар отбасы қатысты. Ақжар ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Оспанова Сәрсенкүл Нақыбайқызы, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Жөнейтова Рая Қайырқызы бүгінгі мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Кешке Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі қызметкерлері, «Шаттық» балабақшасының қызметкерлері, «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Бедебаев Балтабай Хасенұлы және кітапхана оқырмандары қатысты. Ібірәш әке мен Ұлжан ана өздерінің өмір жолдарын айтып, оның ішінде бала тәрбиесі, ата-анаға сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы өз ойларымен бөлісті. Ұлы Әзиз бен келіні Назеркеде отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана, отбасы мемлекеттің негізгі буыны, тәрбие отбасынан басталатынын айтып өз ойларын ортаға салды. Кеш соңында «Рүстембек жырау» үйірмесінің шәкірттері жырдан шашу шашты.
Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Сыр елінің перзенті, жазушы, ақын, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Мұхаметқали Шыңғысовтың 95 жылдығына орай «Туған жердің дүлдүлі» атты әдеби кеш болып өтті. Кешке арнайы ақынның қызы Шыңғысова Лиза анамыз қатысты. Ақынның өмірі жайлы теледидардан бейнежазба көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылып, кітапхана оқырмандары ақын өлеңдерін оқып әдеби кешімізге өз үлестерін қосты. Лиза анамыз оқырмандарға әкесі және отбасы жайлы естеліктер айтып, кешті ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Кеш соңында Лиза анамызға сыйлық жасалып, анамыздың ақ батасы мен әдеби кешіміз аяқталды.
Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» атты әдеби танымдық кеш болып өтті. Кешке №28 мектепте жазғы лагерьде жүрген оқушылар келіп қатысты. Кеште жазушының өмірі жайлы баяндама жасалып, кітап көрмесімен таныстырылды. Оқырмандар жазушының өлең жолдарын оқып керемет әсер қалдырды.Ақжар ауылдық кітапханасы «Жүрек жылуы» жобасы бойынша мүгедек жандармен өз жұмысын атқарып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша жұмыстар жасалынды.
Ақжар ауылдық кітапханасының 2023 жылы алған жетістіктеріне келсек, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастырған «Кітапханадағы бір сәт» онлайн байқауынан – 1 орын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастырған «Шәкәрім оқулары» байқауынан 2 орынды иеленді. «Оқимыз сурет саламыз» облыстық байқаунан 1 орынды еншіледі. Аудандық байқаудан «Шәкәрім оқулары» 1 оқырман ынталандыру сыйлығын алса, 1 оқырман алғыс хат алды.
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Медиасауаттылықты арттыру» тақырыбында Америка кітапханашыларымен онлайн 8 вебинар өтті. Вебинарға қатысып тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып, Халықаралық сертификатқа кітапханашы Ақмарал Амиралиева ие болды.