Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні білім саласындағы қызметте жігітке бергісіз жауапкершілік арқалап жүрген нәзік жанды мекеме басшылары жетерлік. Олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов осындай азаматтардың мерейін арттырып, төрге шығарды.
– Қастерлі мамандық – ұстаздық етумен қатар менеджерлікті, отбасы-ошақ қасын қатар алып жүру – қайсар әйелге тән қасиет. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еселі еңбектеріңіз үшін риясыз ризашылығымды білдіремін. Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ұрпақ тәрбиесіндегі істеріңіз алға басып, шығармашылық табысқа кенелуге тілектестік білдіремін.
Құрметті ару-ана, аяулы ұстаздар! Балаларымыз бен ұстаздарымыздың жекелей шапқан, топпен олжалаған жетістіктері жайында сағаттап айтуымызға болады. Бұған арамызда отырған ошақ басы мен ел келешегін тәрбиелеуді қатар алып жүрген көпбалалы аналарымыздың да айтарлықтай үлесі бар.
Құрметті, ұлы мамандық иелері!
Бұдан кейін отбасының шырағы, тұтас Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін! Ажарларыңыздан тараған әсем күлкі әлемге сұлулық сыйлайды. Сондықтан, бүгін сіздердің жүздеріңізге күлкі ұялату үшін аянып қалмаймыз, – деді Әділхан Оңдасынұлы. ұжымның бағдаршамына айналған мектеп, балабақша басшыларын марапат төріне шығарып, мерекелік сыйлық үлестірілді. Ізін ала аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқасым Раман мен Қорқыт ата атындағы Өнер мектебінің басшысы Сәукен Әліш мерекелік ілтипат көрсетіп, ізгі тілегін арнады.