Kyzylorda-news.kz Референдум – халықтың өз еркін тікелей білдіретін ең құдіретті демократиялық құралдардың бірі. Оның мәні мен маңызы – ел тағдырын билік емес, тікелей халықтың өзі айқындайтындығында. Мұндай шешімдер азаматтардың мемлекет ісіне деген жауапкершілігін арттырып, қоғам мен билік арасындағы сенім мен бірлікті бекітетін тарихи механизм болып табылады.

Референдум елдегі маңызды мәселелерді ашық талқылауға, әр азаматтың ойын еркін білдіруіне мүмкіндік береді. Әр пікір сараланып, түрлі көзқарастар ескеріліп, қоғамдық талқылау арқылы қабылданған шешім шынайы халықтық қолдауға ие болады. Бұл – демократияның, әділдіктің және ашықтықтың айқын көрінісі.

Сондықтан референдум – тек саяси рәсім емес, ол – халқымыздың бірлігі мен еркіндігінің, мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуі жолындағы нақты көрініс. Халықтың белсенді қатысуы әр дауыс – елдің болашағын айқындайтын нақты күшке айналады. Бұл – Қазақстанның жаңа серпілісі, ұлттық сананың оянуы, тәуелсіздік тарихындағы тарихи белес. Әрбір азаматтың таңдауы – мемлекетіміздің берік негізін құрып, ортақ мақсатқа бағытталған жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай бірлік пен саналы таңдау арқылы ел гүлденген, дамыған, әділ әрі мықты мемлекетке айналу жолында ұрпаққа аманат қалдырады.

124724c9-ec35-44d7-8997-08333fa8598b.jpg

Тағы да оқыңыз: