Kyzylorda-news.kz Бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық референдум өткізіліп, барша қазақстандықтар саяси науқанға белсене атсалысуда.
Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановта қалыс қалмай, Әйтеке би кентіндегі аудандық Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Ауданда жалпы 38 референдум учаскесі болса, оның 13-і аудан орталығы Әйтеке би кентінде жұмыс жасауда. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Айта кетейік, барша ел азаматтары үшін референдумда дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00- де аяқталатын болады.
