Kyzylorda-news.kz Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандағы «Қызылдихан», «Ақжарма және К», «Ақжарма-2» шаруа қожалықтары мен «Мағжан және К», «Шаған Жер», «Абай-Дәулет» серіктестіктерінің ұжымдарына барып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Наурыз мейрамына арналған мерекелік Құттықтауын табыс етті.
«Сіздерді жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мерекеге сырбойылықтар берекелі бірліктің арқасында толайым табыстар және жақсы жетістіктермен жетуде. Сыр елінің экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына бар күш-жігерлеріңізді арнап, аймақтың береке-бірлігін арттыру жолындағы еңбектеріңіз үшін риясыз алғысымды білдіремін. Әрдайым ұжымның ауызбіршілігі мен жауапкершілігі артып, ырыс-несібесі еселенсін деп тілеймін» делінген аймақ басшысының Құттықтау хатында.
Өз кезегіндеи аудан әкімі Берік Сәрменбаев шаруаларды егін науқанының басталуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Диқандардың шаруасы – қашанда ширақ. Маңдай термен жасалған жұмыстың арқасында қамба астыққа толатыны сөзсіз. Өз кезегінде барша еңбеккелердің алдағы уақыттағы еңселі қызметтеріне әрқашан сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы.
Кездесулерде еңбек ұжымдары алдағы жоспарларымен бөлісіп, облыс әкіміне шынайы ризашылықтарын білдірді.