Kyzylorda-news.kz  Қалалық прокуратура бастамасымен және «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

«Orda» жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында медиа саласының өкілдері, жастар мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Ә. Ергеш, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюссері Д. Ақайдаров және өңірдегі спортшы жастар қатысты. Жиын барысында жастарға жетістікке жету, сәтсіздіктен сабақ ала отырып, табысқа жету жолдары жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, белсенді азаматтар өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, білім алушылармен пікір алмасты. Құқық бұзу, топтық төбелес, зорлық-зомбылық, басқа да қылмыстық істерің алдын алу жөнінде ақпараттар да айтылды. М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің білім алушы студенттеріне де кездесу өтті. Келесі ақпарттық жұмыс Қызылорда медициналық жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне ұйымдастырылды. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры А. Оңдасын, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюсері Д. Ақайдаров, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» шығармашылық бөлімінің басшысы, блогер Т. Амануллаева, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мейіргер ісі негіздері пәні оқытушысы, колледж түлегі Қ. Махмут қатысты. Қызылорда «Болашақ» университеті және жоғары колледжінің білім алушы студенттерімен жастарға құқықтық сананы және құқық мәдениетті қалыптастырумен қатар жетістікке қол жеткізудің жолдары, дұрыс мақсат қоя білу, сәтсіздіктен сабақ алып, табысқа жету жолдары  жайлы талқыланды. Жастар алаңының қонақтары: Қызылорда қалалық прокурорының орынбасары Г. Утеев, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы шығармашылық бөлімінің басшысы, инста блогер Т. Амануллаева. «Армандар орындалады» жастар алаңының кезекті жиыны И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің білім алушы студенттеріне арналды. Кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры Ж. Медешов, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюссері Д. Ақайдаров, Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» шығармашылық бөлімінің басшысы, блогер Т. Амануллаева қатысты.

Тағы да оқыңыз: