Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мұханов Болатхан Ниязханұлының қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралар» тақырыбында жиын өтті.

Жиынға аудандық әкімшілік қызметкерлері, прокуратура және білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары және полиция қызметкерлері қатысты. 
Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалған қылмыстар қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

– Талдау барысында қылмыс жасау себептеріне: ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауы, оларды өз бетінше қалдырып, бос уақытын қадағаламауы, отбасындағы қолайсыз жағдайлар, – деді Б.Мұханов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша өңірімізде тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауданда жалпы білім беру мекемелерінде 2023-2024 оқу жылына бөлімнің бұйрығымен мектептер мен колледждерге аймақтық ювеналды полиция бөліністерінің, криминалды полиция, учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында дәрістер оқылды.

Жасөспірімдерге қарсы және олармен жасалатын қылмыстар,алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы кездесулер ұйымдастырылып, арнайы әзірленген хабарламалар ілініп, халық көп шоғырланатын жерлерде жадынамалар таратылды.
Сонымен қатар, «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық шаралары, «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері ұдайы жүргізілуде. 

Бүгінгі жиын барысында бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Мұханов оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін іс-шаралар кезінде жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, топтық төбелестерге,кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, электросомокаттармен жүрмеуді, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналар жиналыстарында хаттамалау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Бөлімнің полицейлері бұл шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады. 
Жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажет. Бұл орайда, полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 

Тағы да оқыңыз: