Kyzylorda-news.kz Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің отансүйгіштік рухын арттыру, туған өлкенің тарихымен терең таныстыру және жас буынның мәдени көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылар музей залдарын аралап, Сыр өңірінің бай тарихи мұраларымен, табиғи ерекшеліктерімен және ұлы тұлғалар жайлы мол ақпаратпен танысты. Экскурсия барысында оларға білікті мамандар тарихи жәдігерлер туралы қызықты деректер айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтып, ел тарихына деген қызығушылығын арттыра түседі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
