Kyzylorda-news.kz  Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарпламада.

Бұл ретте Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Өмірәлиев бас прокурордың орынбасары болған.

Фото:gov.kz

Тағы да оқыңыз: