Kyzylorda-news.kz Достық үйінде «Заң мен тәртіп – Қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбындағы Қызылорда облысының прокуратурасымен бірлескен кездесу өтті.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Ф.Т. Иманғалиев ашып берді және де прокуратура қызметкерлері өз бағыттары бойынша жастарға ақпараттық түсініктемелер берді.

Кездесу барысында, заңның қоғамдағы рөлі, әділеттілік пен тәртіптің негізі ретіндегі маңызы туралы сөз қозғалды.

Кездесудің мақсаты – қоғамдағы заңсыздықтың алдын алу, жастарды отансүйгіштік пен адал азамат болып қалыптасуға шақыру болып табылды.

Шара соңында қатысушылар заң мен тәртіпке негізделген әділетті қоғам қалыптастыруда әр азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті.

597542890_4263501510635663_7162846060918059275_n.jpg

Тағы да оқыңыз: