Kyzylorda-news.kz От пен оққа оранған майданның ортасында талай жанның ерлікпен шайқасқаны мәлім. Үшбу хатта да үрейден гөрі үмітін үстем етіп, қорқыныштың көлеңкесін ысырып тастағаны содан. Бұл жанқиярлықтың өзі – болашақ ұрпаққа қалған үлгі мен ұлы сабақ. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері “Мәңгілік алау” ескерткішіне арнайы барып, гүл шоқтарын қойды.

Сондай, ақ, қызметкерлер бір минут үнсіздік жариялап, қиян-кескі ұрыста Отан үшін жанын қиған батыр бабалардың рухына тағзым етті.

– Сұрапыл соғыстың от-жалынынан өткен аға буынның ерлігі – ұрпақ үшін өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз. Бейбіт күннің әр сәті – батырлардың жанқияр еңбегінің жемісі. Сондықтан, ер есімін, ерлік ісін ұмытпай, қызметкерлердің бойына отансүйгіштік пен тарихқа құрмет сезімін сіңіруде селқостық танытпаймыз, - дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.

Иә, жеңіс күні – бейбітшіліктің қадірін, ерліктің мәнін және бірліктің күшін байыптайды. Бейбіт күннің бағасын түсінетін қызметкерлер де антына адалдық танытып, тұрақтылықты сақтауда тынымсыз еңбек етпек.

З.Қонысжан

Тағы да оқыңыз: