Kyzylorda-news.kz Төретам кенті және Ақай ауылдық округі тұрғындарына адамдарды заңсыз әкетуге, балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қарсы күрес жұмыстары мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі арналған іс-шаралар жоспары туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы №94 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы, облыстық прокуратура облыстық полиция департаменті және үкіметтік емес ұйымдардан құрылған мобильді топ адамдарды заңсыз әкетуге, балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қарсы күрес жұмыстары мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Уздембаев Жанболат Жақсылықұлы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Сайфулла Сұнғат Сайфуллаұлы және Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Турасилова Индира Қылышбекқызы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округі бойынша мекеме басшылары, медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер, кент және ауыл тұрғындары қатысты.

Тағы да оқыңыз: