Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 37 – бабының 2 - тармағы, 6-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге міндетті.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидалардың 101-1 - тармағына сәйкес  мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделеріне әсер еткен кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғаларды ақпараттық жүйелер және/немесе электрондық пошта, сондай-ақ пошта байланысы арқылы жазбаша түрде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

   Апелляциялық комиссияға қарсылық берген кезде мемлекеттік аудит объектісі кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың аудиторлық есепке және/немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке ескертулерін ескереді.

     Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жергілікті аудит объектілері болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен  квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүргізілген аудиторлық іс-шаралар (тексерулер)  нәтижелері бойынша  анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша тиісті мүдделі тұлғаларды хабардар ету қажеттілігін назарларыңызға жеткізеді.

 

Мұрат Есенбаев, 

Қызылорда облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

бөлім басшысы 

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: