Kyzylorda-news.kz Жас болса да өзінің жұмысына деген жауапкершілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында қатарларынан оза шауып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген өз ісінің майталманы – Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Махсатов Мағжан Махсатұлы.

Кейіпкерміз 2001 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Ол ішкі істер саласында қызмет етуді бала кезден армандаған. Мектеп бітірген соң арман қуып ҚР Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түседі. Арманына адал Мағжан оқуды үздік бітіріп, 2023 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалған күннен бастап тыңғылықты жұмысы мен кәсіби деңгейінің арқасында ұжым арасында абыройлы, жұмыс іскерлігі биік, үлгілі дәрежеде қызмет атқарып келеді.

Оның бірден-бір дәлелі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігімен бекітілген тергеушілердің жеке рейтингін анықтау әдістемесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 4 айында өндірісіндегі қылмыстық істерге барынша процестік шешім қабылдап, заңды баға берген ол ұшқыр ойымен, зеректігімен оңтайлы көрсеткіштерге қол жеткізіп, қырағылығымен көріне білді.

Жас тергеушінің тәлім-тәрбиесі, ұшқан ұясы жайлы тоқтала кетсек артық етпес. Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамзатқа әуелі тәрбие берулі керек, тәрбиесіз берілген білім қоғамға апат алып келеді» деген даналық сөзі осы кезде ойға оралады.

Әкесі – Жұбаныш Махсат Ерғазыұлы ТОО «PSI ENGINEERING» мекемесінде көлік механигі қызмет абыройлы қызмет атқаруда. Анасы –Жубаныш Әлия Байтаққызы АО «Отбасы банккінде халыққа қызмет көрсетіп, елдің алғысына бөленіп жүрген жан.

«Әке көрген оқ жонар» дегендей, Мағжан үйде берген тәрбие мен білімін ұштастыра, өзіндік сөз саптауымен іскерлік қызмет барысында адамдармен тіл табыса білу, олардан жауап алу барысында өзіндік стилін қалыптастырып, адам өміріне қасақана ұйымдастырылған (бұзақылық, алаяқтық, тонау, қарақшылық және тағы да басқа) қылмыстарды тергеуде оң шешімін таба білуде.

Қиыны мен қызықшылығы қатар жүретін бұл салада өзінен кейін ерген жас тергеушілерге үлгілік танытып жүрген Мағжанға сәттілік тілеміз.

Тағы да оқыңыз: