Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде заттарды өткізу әрекеті кезінде жазасын өтеушіге кәмпит ішіне жасырылған есірткіге ұқсас затты өткізбекші болған азамат ұсталды.
     Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тергеу барысында конфет ішіне жасырылған 5 дана өзіне тән иісі бар, жасыл түсті есірткіге ұқсас зат анықталды.
     Осы факті бойынша сәлем-сауқат алып келген азамат ҚР Қылмыстық кодекісінің 297/1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп –тексеру жұмыстары  жүргізілуде. Есірткі екені анықталса азамат қылмысық жауапкершілікке тартылатын болады.
№60 мекеме баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: