Kyzylorda-news.kz  Жаңақорған ауданындағы сапары барасында Мәжілістегі фракция мүшелері қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін Жаңақорған аудандық полиция бөлімінде болды.

Полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраев атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, бейнебақылау камералары жұмысымен таныстырды.

«Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша Жаңақорған кенті орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына қосымша 7 дана стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылған. Аталған камералар екі бағытта жылдамдықты түсіреді. Сонымен қатар,тәуліктің кез келген уақытында машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді. Ереже бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі»,- дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруды басты басымдық ретінде белгіледі. Осы ретте әрбір жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған құбылыс ретінде бағалауымыз қажет. Өкінішке орай елімізде соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары мен қаза тапқандар саны азаймай отыр.

Осы орайда жол-көлік оқиғалары салдарынан орын алатын жағдайлар алаңдатады деген фракция мүшелері жолдардағы қауіпті аймақтарда автоматты режимде құқық бұзушылықтарды анықтауда бейнекамералардың орнатылуы маңызды екенін атап өтіп, аталған орталықтың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін баса айтты. 

Тағы да оқыңыз: