Kyzylorda-news.kz Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Жансая Байтәжиева мектеп оқушыларына  «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиенің маңызы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.

№36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жасалды. Жастар ресурстық орталықтың кеңесшісі Жансая Байтәжиева ұйымдастырған іс-шара өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып-қатерден сақтау мақсатында өтті.

Кездесу соңында мектеп оқушылары өздерінің жеке құқығы жайлы сауалдар қойып, заңды түрде жауап берілді.

Тағы да оқыңыз: