Kyzylorda-news.kz.   Дөңгелек үстелге Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдарбергенов, судья Д.Ералиев, әкімші басшысы Н.Әбдікәрім, әкімші басшысы Н.Е.Әбдікәрім, Сырдария ауданы прокурорының көмешісі Н.Нұрғалиев, Сырдария АПб-і басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Н.Беркінбаев, жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Қ.Көшекбаев, адвокаттар Ғ.Сақтағанов пен Қ.Жаппасбаева қатысты.

Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдарбергенов дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын, осыған орай 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ӘҚБтК-нің 73-1 және 73-2-баптары Қылмыстық Кодекске 108-1 және 109-1-баптары болып енгізілген себебі, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу істері жыл сайын артып отырғанын, аталған заңдар 2024 жылдың 15 маусым айында заңды күшіне енетіндіктен осы санаттағы істердің түсуін қатаң бақылауға алып, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын істердің әкімшілік құқық бұзушылық іс болып қаралып және толтырылмауына жауапкершілікпен қарау қажет екенін айтты.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Тағы да оқыңыз: