Kyzylorda-news.kz Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде сыбайластықты болдырмау мақсатындағы жұмыстар мекеменің кадр саясат тобымен ұдайы ұйымдастырылып тұрады.
ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ш.Есенкелдиевтың төрағалық етуімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті Первенция басқармасының бас маманы Жанар Қозбағарова және осы басқарманың аға офицері Жандос Жүсіпалиев пен ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет подполковнигі С.Жоламанов арнайы шақыртылып, мамандар баяндама оқып, бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар, шараға мекеме басшылары мен ҚАЖ департаментіне қарасты №68, 37, №60 және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Бас маман «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2022 жылдың 2 ақпанындағы №802 жарлығымен шыққан ҚР-ның 2022-2026 жж арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынының тұжырымдамасында жазылған негізгі мазмұны және мемлекет басшысының тарапынан шыққан бірқатар бұйрықтар мен заңдары жөнінде тарқатып, оқып берді.
Ал, аға офицер Жандос Жүсіпалиев 2022 жылдағы Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлық бойынша орын алған фактілерге тоқталды.
– Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа бару әрекеттері кездесіп тұрады, мұндай әрекеттің алдын алу және жол бермеу әрбір жеке құрам қызметкердің міндеті және борышы екенін ұмытпаңыздар. Құқық саласының қызметкерлері заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол бермеуі керек – деп, қатысушыларды заң талаптарын орындауға шақырды.
Шара соңында, өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі жеке құрам қызметкерлеріне дайындаған бейне сюжеттер көрсетіліп, қызметкерлер арасында туындаған сұрақтарға жауап берілді.