Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – бүгінгі коғамның басты әрі көкейтесті мәселесі екені белгілі. Бұл тек елімізде ғана емес, сонымен қоса бүкіл әлемде белең алып отырған күрделі мәселе, тіпті қоғам дерті десек те болады. Аталған мәселенің алдын алу мен күресу мақсатында түрлі іс-шаралар мен бірқатар акциялар ұйымдастырылуда. Осыған орай, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық қоғамдық келісім бөлімінің жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша акция өткізілді. Аталған акцияға аудан тұрғындары, қоғам белсенділері мен жастар белсене қатысып, атсалысты.

  Акцияға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Сейілхан  Кеукенов, заңгер Қалдыгүл Назарова, адвокат Ғабит Сақтағанов және қор төрағасы Марат Омаров қатысып, аудан тұрғындарына кәсіби кеңес берді. Акцияға қатысушыларға ақпараттық үлестірме, әдістемелік нұсқаулық таратылды.

 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, дамыған озық елдер қатарына кіруі үшін бүгінгі қоғамды, айналамызды парақорлардан, сыбайлас жемқорлықтан тазарту – біздің азаматтық парызымыз болып саналады. Сол себепті бұл мәселеге бір кісідей атсалысып, кемел келешегіміз бен болашағымыздың жарқын болуына жұмыла кірісейік, –  деді облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов.

Тағы да оқыңыз: