Kyzylorda-news.kz «Заң және тәртіп» нарративін ілгерту мақсатында Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Департаменті Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері» тақырыбында  қызметкерлермен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға ынталандыру, оның жағымсыз салдары және оған қарсы іс-қимыл мәселелерінде жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы түсіндіру.

Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов, «Қорқыт ата» атындағы  Қызылорда университетінің комплаенс-офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  волонтер – Ә.Жаппасбаев және теолог Б.Оспанов қатысты.

Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов өз баяндамасында, «Жемқорлықпен күрес тек құзырлы органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Біз бұл індетке қарсы тұру үшін құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қатар дамытуымыз керек»,- екендігі айтылды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Тағы да оқыңыз: