Kyzylorda-news.kz   Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бөлім қызметкерлерінің қатысуымен кезекті құқытық оқыту өткізілді.

Оқыту барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар анықтамалары беріліп, осы тақырыптарға ұжым қызметкерлерінің арасында талқылау жүргізілді.

Сонымен қатар, бірыңғай кешенді бағдарламаға сәйкес (әрі қарай - бағдарлама) «Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында жобаларды субсидиялау шарттары жөнінде айтылды.

Жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер бағдарлама қатысушылары болып табылатындығы, сонымен қатар, республикалық маңызы бар қалаларды (облыс орталықтарын қоспағанда) елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жерін ескере отырып, салалық шектеусіз жүзеге асырылатыны, несиелендірудің ең жоғарғы сомасы, субсидиялау мөлшері, Бағдарламаның т.б талаптары ұжым қызметкерлерінің тарапынан талқыланды.

Бөлім басшысы А.Садуақасов өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатындығын, сондай-ақ, бөлімнің алдағы жұмысы барысында жоғарыда аталған бағдарламаның талаптарын кәсіпкерлерге жеткізу маңыздылығына тоқтап, іс-шараны қорытындылады.

Тағы да оқыңыз: