Kyzylorda-news.kz Өңірлік Антикормен қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі» тақырыбындағы өткен сурет сайысы қортындыланды. 

 Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы А.Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Л.Қаржаубаева, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галлереясының суретшісі Б.Назаров, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

 Сайысқа Қызылорда қаласына қарасты мектеп оқушылар арасынан 100-ден аса қатысушы қатысты. Мектеп оқушылары салынған суреттерінде сыбайлас жемқорлық ұғымын айқын анықтап, олардың қоғамдағы осы құбылысқа теріс көзқарасын байқауға болады.

 Сайыстың қортындысымен бас жүлдені №253 орта мектептің 9 сынып оқушысы З.Мүсілім  иеленсе, І орынды Абай мектебі 5 сынып оқушысы Ж.Бекқұл  жеңіп алды. Ал ІІ және ІІІ орынды сәйкесінше №3 IT мектептің оқушылары Н.Анасбаева (6 сынып) мен Т.Қонысбекке (11 сынып)  табысталды. 

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі Сурет сайысы қорытындыланды 1.jpgСыбайлас жемқорлық-қоғам дамуының кедергісі Сурет сайысы қорытындыланды.jpg

Тағы да оқыңыз: