Kyzylorda-news.kz  Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Сырдария өзеніндегі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында мониторингтік зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері мен тиісті сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, Жалағаш ауданы ТЖБ,«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы,«Жалағашсушар» өндірістік учаскесі, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері қатысып Сырдария өзенінің Жалағаш ауданы аумағындағы жағалау бөлігінің қазіргі жай-күйімен танысты.

Зерделеу барысында көктемгі мұз жүру кезеңінде су тасқынының алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар пысықталып, жауапты сала мамандарына өзен жағалауындағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Адам өмірі мен қауіпсіздігі басты басымдық екені атап өтіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Проведен мониторинг против паводков на Сырдарье 1.jpg

Тағы да оқыңыз: