Kyzylorda-news.kz  Ұлттық мереке қарсаңында спорттық шаралар өткізу – полицейлердің игі дәстүрі.

Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында мини-футболдан  турнир ұйымдастырылды. Жарыс  Әйтеке би кентінде орналасқан «Әмір-Арена»  спорт залында өтті.

Турнирдің жеңімпазы болып бөлімнің Кезекші бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған "102"  командасы танылды. Екінші орынды бөлімнің Отбасы тұрмыстық зорлық  -  зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлерінен құралған  "Арлан" иеленсе, құрметті үшінші орынды бөлімнің тергеу, криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған "Іздестіру" командасы иеленді.  

Сонымен қатар ойын барысында ерекше көзге түскен "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылдаушы", "Үздік қорғаушы" номинацияларымен қызметкерлер марапатталды.

Тәртіп сақшыларымен ұйымдастырылған турнир полицейлердің төзімділігі мен бірлігін сынап қана қоймай, дене даярлығының қызметтік міндеттерді сапалы атқарудағы маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Спорт және қызмет  қызылордалық полицейлер спорттық турнир өткізді.jpg

1Спорт және қызмет  қызылордалық полицейлер спорттық турнир өткізді.jpg

Тағы да оқыңыз: