Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындары өткізілді. Іс-шараға 300-ден астам бала қатысты.
Қатысушылар: «қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Жарыстарға жоғары сынып оқушылары қатысып, ойындардың қорытындысы бойынша келесілер жеңімпаздар аталды: Арал ауданы №220, Қазалы ауданы №94, Қармақшы ауданы №26, Жалағаш ауданы №246, Сырдария ауданы №42, Шиелі ауданы №207, Жаңақорған ауданы №166 орта мектептер.
Фото: Полиция департаменті