Kyzylorda-news.kz Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында жарыссөз өтіп жатыр. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.
Дархан Әскентайдың қорғаушысы, Жетісу облысының адвокаттар алқасының адвокаты Маулен Ержанов іс бойынша жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовқа қатысты іс қозғауды сұрады.
- Құрметті сот, жәбірленушілердің берген жауаптары бір-біріне қарама-қайшы. Жауаптары жалған екені көрініп тұр және дәлелін таппады. Осыған байланысты Дархан Әскентайды бетінен ұрды деп жауап берген Қ.Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабымен (жалған айғақ беру) қылмыстық іс қозғау туралы жеке қаулы шығаруыңызды сұраймын, - деді ол.
Еске салайық, Шерзат сотында жарыссөз басталды.
Прокурор сотталушыларға 1,5-23 жыл арасында жаза сұрады.
Одан кейін прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеруді сұрады.
Фото: Жоғарғы сот