Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ортақ міндет. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу және онымен барынша күресу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
– Елімізде, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң талабының аясында, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді одан әрі үздіксіз жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі, – дейді Қазалы аудандық сотының аға сот приставы А.Мусаев.
Сот саласы маманының айтуынша, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп өркендеп мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғайуына жол бермеу үшін, аталған дертке бір болып атсалысып, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше, қарсы жұмылып, тосқауыл бола білсек, сонда ғана, ел мүддесі үшін, зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі жұмыскері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар беруі керек.
Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, шаралар қабылдауға міндеттенеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленетіні көзделген. Алайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамдарға қолданылмайды.
Қазалы аудандық сотының аға сот приставы А.Мусаев: "Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Қандай жағдай болмасын, азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары бар. Кез келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне, сәйкес, адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді саясатын жүргізеді", – дейді.
Қорыта айтқанда, Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы, мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оны болдырмау, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып бірлесіп, ымырасыз күрескеніміз абзал.
Фото: opennews.kz