Kyzylorda-news.kz Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті, және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №106 жарлығымен Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Ал, сот әкімшісінің аумақтық органдары департамент болып өзгертілді. Республиканың барлық облысында сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық–талдамалық және материалдық техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып есептеледі.
Сот әкімшілігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мұндай тәсіл арқылы толығымен шоғырланатын болады делінген түсіндірмеде. Сот Әкімшілігінің құрылымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты құрылады.
Айта кетсек, Сот әкімшілігінің қызметкерлері жалақы деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де шарттары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының қызметкерлеріне теңестіріледі.
Оның міндеттері: 1. Сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
2.Сот төрелігін тәуілсіз жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау
3.Сот жүйесін және соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеуден тұрады.
Сот әкімшілігіне басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Сот әкімшілігіне жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
А.Ж. Куншығарова
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот әкімшісі басшысы
Фото: egemen.kz